сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа ластанады

/
Фото: Kazinform
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Бүгін еліміздің 12 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

- 2024 жылғы 5 желтоқсанда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Шымкент, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Астана қаласында күтіледі – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу: