244
Петропавлда мектептің төбесі опырылып, 3 бала зардап шекті
Зардап шеккен оқушылардың жасы 12 және 13 жаста
Петропавлда мектеп оқушыларының үстіне төбе опырылып түсіп, үш бала зардап шекті.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, балалар ауруханаға жатқызылған.
4 желтоқсанда Петропавлдағы №6 Қожаберген жырау атындағы орта мектепте 2 шаршы метр аумақты алып жатқан сыныптың төбесіндегі сылақ сырғып, үш бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Үш бала бақылау үшін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккен оқушылардың жасы 12 және 13 жаста.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, аталған факті бойынша комиссия құрылады, оның құрамына төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік құрылыс басқармасы, білім, құрылыс басқармалары, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар кіреді.