бейсенбі, 3 сәуір, 2025

Ақтөбеде қайғылы жағдай болды

/
istockphoto.com
Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

Ақтөбеде 48 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға бүгін сағат шамамен 20:00-де Ақтөбе қаласы Ақжар-2 тұрғын алабында болды. 

— «ВАЗ 2110» автокөлігінің жүргізушісі жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды, — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бөлісу: