«Әжесі шорты киіп алыпты»: Жанар Айжанованы желі қолданушылары сынға алды

Жанар Айжанова шетелде жиенін қыдыртып жүр.

«Әжесі шорты киіп алыпты»: Жанар Айжанованы желі қолданушылары сынға алды
сурет ашық дереккөзден алынды
564

Танымал әнші Жанар Айжанова шетелде отбасымен демалыста жүр, деп хабарлады turkystan.kz.

Белгілі әнші әрі актриса Жанар Айжанова Дубайда жүрген жерінен әлеуметтік желіге суреттер жариялады. Суреттерден әншінің жиенімен демалып жүргенін көруге болады. Сондай-ақ әнші бұл демалыстың демеушісі өзінің қызы Айжұлдыз Адайбекова екенін жасырмады.

Актриса бұл сапарға қызы Айжұлдыз Адайбекова мен оның ұлымен бірге шыққан.

«Бізден осындай вайб», - деген жазба қалдырды әнші.

Суреттерді көрген әлеуметтік желі қолданушылары «Әже болса сіздей болсын», «Аяқ деген оқтаудай. Нағыз шорты киіп алып жүретін аяқ екен. Күшті жарасып тұр»,«Фигураңыз күшті екен. Киім күшті жарасып тұр», «Сән ғой. Заманауи әжелер осындай болу керек», -  деп жазысты желі қолданушылары.

 

Серіктес жаңалықтары