Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды

Ол Ақмола облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы оқиғаны мысал келтірген.

Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды
instagram
162

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды.

Ол Ақмола облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы оқиғаны мысал келтірген. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың өлімімен 15 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.

- Осы фактілерді талдай отырып, мен 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды әзірлеу қажет деп санаймын, Әрине, бұл ретте қолдауды қажет ететін отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету бағдарламалары қажет», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Серіктес жаңалықтары