217
Ақтөбелік кәсіпкерлер Жәмила Бақбергеноваға ат мінгізіп, ақшалай сыйлық берді
Жәмила өзіне көрсетілген осынау сый-құрмет үшін алғыс айтып, алдағы әлемдік додаларда Қазақстан намысын абыроймен қорғауға уәде берді
Қыздар күресінен әлемнің төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергеноваға ақтөбелік кәсіпкерлер ат мінгізіп, ақшалай сыйлық табыстады. Сондай-ақ смартфон сыйлады.
1bol.kz мәліметінше, Ақтөбеде ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Бауыржан Нұрмұхановтың 63 жасқа толуына орай күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтуде. Айтулы жарысқа қонақ ретінде Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегерлері қатысты. Олардың қатарында Демеу Жадыраев, Ризабек Айтмұқан, Нұрқожа Қайпанов және Жәмила Бақбергенова бар.
Жәмила өзіне көрсетілген осынау сый-құрмет үшін алғыс айтып, алдағы әлемдік додаларда Қазақстан намысын абыроймен қорғауға уәде берді.