239
Қазақстанда қанша шетелдік азамат жұмыс істейтіні белгілі болды
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі
1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде 13 246 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Еңбек мигранттары арасында танымал салалар: құрылыс саласы, өңдеу өнеркәсібі, әкімшілік және көмекші қызметтер, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, ауыл, орман және балық шаруашылығы.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
- Қытай – 4 664 адам,
- Өзбекстан – 1 230 адам,
- Түркия – 1 150 адам,
- Үндістан – 1 108 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 17,2 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.