Ішкі істер министрлігі адам саудасына қатысты статистика жариялады

Қараша айының соңында «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, 44 қылмыс анықталды.

Ішкі істер министрлігі адам саудасына қатысты статистика жариялады
Polisia.kz
216

Ішкі істер министрлігімен жүйелі негізде ұйымдасқан сипаттағы адам саудасына және онымен байланысты қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қараша айының соңында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерімен «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, 44 қылмыс анықталды.

Адамдардың «трафигіне» байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа (бұдан әрі ҰҚТ) қатысқаны үшін сотқа дейінгі 2 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.

Атап айтқанда, Астанада жыныстық қанау бойынша жүйелі түрде қылмыс жасаған, ҰҚТ-ның қылмыстық әрекетітоқтатылып, 5 күдікті адам қамауға алынды.

Сондай-ақ Павлодар облысында осындай ҰҚТ-ның жолы кесіліп, 5 қылмысқа қатысушы тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Еңбекке қанау фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Абай облысында, 3 жыл бойы 40 жастағы ер адамды физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, еңбек қанауындаұстаған шаруа қожалығының иесі ұсталды. Жәбірленушіге Медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар Қонаев қаласында казинолардың бірінде жүйелі негізде сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсету фактілері анықталды. Полицияға 14 адам, оның ішінде осы мекеменің қызметкерлері жеткізілді.

Осыған ұқсас қылмыстар бүкіл елде анықталды. Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары