200
Қазақстан мен Ресей +7 кодын бірге қолданатын болды
Қос мемлекет +7 телефон кодын бірлесе пайдалану туралы келісімге қол қойды.
Тек әр мемлекеттің қолдану диапазоны бекітілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Енді Қазақстан +7 0, +7 6 и +7 7 коды бар нөмірлерді, ал Ресей +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 коды бар нөмірлерді пайдаланатын болады.
Жаңа кодты қосу қымбатқа түсер еді. Байланыс инфрақұрылымы мен пайдаланушылардың деректер базасы өзгерер еді. Бұл мемлекеттік және банк қызметтерінде, әлеуметтік желілер мен қосымшалардың жұмысында ақау туындатады.
Халықаралық электробайланыс одағымен жүргізілген қосымша келіссөздерден кейін азаматтар мен байланыс операторларына қиындық тудырмау үшін +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.