Ойыншық тапаншамен ломбардты тонамақ болған жігіт сотталды

Ломбард қызметкерін ойыншық мылтықпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен.

Ойыншық тапаншамен ломбардты тонамақ болған жігіт сотталды
pixabay.com
Автор
Админ
170

Шымкентте медициналық бетперде киген қылмыскер ломбардқа басып кіріп, ломбард қызметкерін ойыншық мылтықпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен.

Оған ломбардқа телефонын алу үшін кірген 18 жастағы жігіт кедергі жасаған.

Қылмыскер оқиға орнында ұсталып, қылмысын аяғына дейін жеткізе алмаған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында айыпталушыға қатысты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға оқталу) қылмыстық іс қаралды.

ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінде, 191-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

Күдіктінің 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары