2025 жылы мыңға жуық запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.

2025 жылы мыңға жуық запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
Қорғаныс министрлігі
77

Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады.

«Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын», — делінген құжатта.

Барлығы 915 адам шақырылады, оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.

Серіктес жаңалықтары