247
Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 1,5 млрд теңге болған
Қазіргі уақытта итбалықтардың жаппай қырылуының себептері анықталып жатыр
Жайық-Каспий өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының маманы Андрей Руцкийдің сөзінше, 23 қарашада итбалықтың өлексесі табылмаған. Сондықтан оң болжамға үміт бар дейді, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, теңіз жануарларының қырылуынан келген шығын 1,5 миллиард теңгеге бағалануы мүмкін.
"Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес бір итбалықтың құны 193 АЕК (712 мың 556 теңге). Бұл соманы 2 000 итбалыққа көбейткенде 1 миллиард 425 миллион 112 мың теңге болады", – деді ол.
Қазіргі уақытта итбалықтардың жаппай қырылуының себептері анықталып жатыр.
Қозыбақовтың сөзінше, кінәлілерді заң аясында жазалап, келтірілген шығынды өтеуді талап ету керек.