сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

/
ҚТФ
Отандасымыз белоруссиялық Юлия Хатукамен бірге финалда ресейлік Полина Яценко – бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды.

Отандасымыз белоруссиялық Юлия Хатукамен бірге финалда ресейлік Полина Яценко – бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты.

Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-белоруссиялық жұп 4 брейкке қол жеткізді. 

Бөлісу: