6089
«Маған көмектесіңіз»: Ерке Есмаханға белгісіз ер адам хат жазды
Әнші өзіне хат жазған оқырманына жекіп тастады.
Белгісіз ер адам Ерке Есмаханнан көмек сұрап, хат жазған. Бұл әншінің ашуын тудырды, деп хабарлады turkystan.kz.
Белгілі болғандай ер адам әншіге ақыл-кеңесін айтқан. Хатта «Сөмке емес, сауап жинасаңызшы. Маған көмектесіңіз» деген сөздер бар. Әнші осы сөзге қатты ашуланған.
"Құдай-ау, осылардың өмір сүруі маған міндет екен. Жазып отырған – ер адам. Менен сұрағанша тұрыңыз да, жұмыс жасаңыз. Әлеуметтік желіде неғып отырсыз? Ер адамның екі қолына жұмыс табылады. Сосын менің сауабымның қанша екенін қайдан біліп отырсыз? Сауабым сөмкемнен млн есе көп шығар? Оны білуші тек Алла. Дүниемен шектелмей, кеңірек ойланып үйренейік. Түсінген адамға баршылық та, жоқшылық та сынақ қой бұл өмірде", – деп жауап берді әнші.