Алматыда жасөспірім жоғары қабаттан секіріп көз жұмды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Алматыда жасөспірім жоғары қабаттан секіріп көз жұмды
istockphoto.com
321

Алматының Әуезов ауданында жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

«Бұл іс бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінен.

Серіктес жаңалықтары