251
Лондонда шабуыл құрбандарының саны төртеуге жетті
Лондонда шабуыл құрбандарының саны төртеуге жетті
Лондон орталығында орын алған шабуылдан қаза тапқандар саны төртеуге жетті. Жараланғандардың біреуі қаза тапқан.
Шабуылдаушы өлтірілген. Ол Лондон шетінде туып-өскен 52 жастағы Халид Масуд болып шыққан. Ол бірнеше қылмыстық істер бойынша сұралған. Бірақ терроризмге ешқандай қатысы болмаған. Ол арнайы қызметтің көзіне исламшылдармен байланысы болғаны үшін түскен. Бірақ оның теракті жасау туралы пиғылы жөнінде ақпарат болмаған.
Тергеу барысында 8 күдікті ұсталған. Полиция Лондонда және Бирмингемде рейдті жалғастырып жатыр. Британ астанасында полиция күшейтілген.
22 наурызда Халид Масуд көлікті айдап келе жатып, Вестминстер көпірінде бірнеше адамды қағып өткен. Сосын парламент алдындағы күзетшіні пышақ сұғып өлтірген. Терактіге жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы алды.