570
«3 200 метр биіктікте»: Қайрат Нұртас анасының бір арманын орындады
Өнер иесі отбасымен бірге тауға шығып, демалыстарының қалай өткенін көрсетті.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас бір арманын орындағанын айтты.
Өнер иесі отбасымен бірге тауға шығып, демалып жүрген сәтін көрсетті.
«3 мың 200 метр биіктікте тұрмыз. Балам «бір арманыңызды орындайын» деп тауға алып шықты. Ел «Мамасы еріп алыпты деп шулап кетер, әкеңмен-ақ шыға беремін» десем, «Намыстанатын анам жоқ. Жүргеніңіз жүрген. Айтқан адам әрі қарай да айта берсін» деді, – деп жазды продюсер.