Қостанайлық азамат кек қайтару үшін полиция қызметкерін қатыгездікпен өлтірген
Қостанай облысының соты Ұзынкөл ауылының тұрғынына қатысты үкім шығарды.
Қылмыс биыл мамыр айында Ұзынкөл ауылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аудандық полиция бөлімінде криминалист болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын кісі қолынан қаза тапқан.
Күдікті одан кек алуды жоспарлап, өлтіруге ұзақ уақыт дайындалған.
Сотталушы бірнеше жыл бұрын ұрлық жасағаны және полиция қызметкеріне щабуыл жасағаны үшін сотталған. Осы жылдар бойы ол қылмыстық істің көшірмесін өзінде сақтап, лауазымды тұлғалардың фамилияларын белгілеп отырған.
Тергеуші мен сарапшының фамилиясының жанына «пышақтаймын» деп жазған.
Ал қайтыс болған азаматтың фамилиясының жанына «пышақтаймын қаз» деп жазған.
Бастапқыда бұл іс «Адам өлтіру» фактісі бойынша тергелген. Кейін прокурорлар «Полиция қызметкерін кәсіби қызметі үшін асқан қатыгездікпен өлтіру» деген жаңа айып тақты.
Прокурор оның қатыгездігін, бұрынғы қателігінен қорытынды шығармағанын, қылмыстық мотивін ескере отырып, оны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот мемлекеттік айыптаушыны қолдап, күдіктіні өмір бойына соттады.