«Қауіпті болуы мүмкін»: Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады
Балалар көбіне айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал.
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құрметті ата-аналар! Қалың қардың түсуімен бірге балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліңіз. Жолдың жанында шанамен сырғанау сияқты қысқы ойындар қауіпті болуы мүмкін. Балалар көбіне айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал. Бұл олардың жарақаттануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін, - деп атап өтті ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Сондықтан балаларға негізгі қағидаларды түсіндіру қажет:
Тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру керек;
Жолдың жанында ойнауға болмайды;
Жолды кесіп өту кезінде екі жаққа да қарау керек екенін үнемі еске салып отырыңыз. Қыста балаларды жүргізуші көретіндей ашық түсті, көзге көрінетін киім кигізіңіз.
Балаларымыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік! Сіздің жанашырлығыңыз бен қырағылығыңыз көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алады! – деді аға инспектор.