«Расымен де солай»: Бағдат Мусин жарымен алғаш кездескен сәтін еске алды
Елімізде қараша айының алғашқы он күндігі түйінделетін сәтте Цифрландыру күні атап өтіледі.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы әріптестерін Цифрландыру күнімен құттықтады. Оның құттықтауында әйелімен алғаш танысқан кездері жазылған, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жарым Динаның қалжыңдап айтуынша, алғашқы кездесуден-ақ ол менің идеяларым мен өз ісімді шексіз сүйгеніме қызыққан. Расымен де солай. Мен үшін İT жұмыс та, кәсіп те емес – өмірімнің мәніне айналған! 2000 жылдары басталған жол мені бүгін үлкен жетістіктерге жетеледі, жобалармен айналысамын, сайттар құрдым, стартаптар іске қостым және бүгінгі күнге дейін жұмысымды осы салада жалғастырып келемін. Әрбір қазақстандық бала кезінен үлкен жетістіктерге жетуді мақсат еткенін қалаймын. Ал ол орындалады ма, орындалмайды ма - Жаратқанның қолында. Ең бастысы – ұмтылыс, ниет және өз іс-әрекеттеріңді үнемі жетілдіріп отыру. Бүгін, Цифрландыру күні, мен әр бір ІТ маманды, ақпараттық технология жобаларын іске асырып жүргендерді, оларға қаржы тартқан әр біз азаматты, сондай-ақ қызмет немесе өнімді жақсарту, оңтауландыру мақсатында күн-түн демей тер төгіп жүрген қыздар мен жігіттерді құттықтағым келеді», – делінген экс-министрдің 10 қараша күні әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында.