Ақтаулық азамат әйелін жағалауда сабаған

Маңғыстау полициясы осындай 95 қылмыстық істі қарап жатыр.

Ақтаулық азамат әйелін жағалауда сабаған
istockphoto.com
Автор
Админ
262

Ақтауда ер адам әйелін Каспий теңізінің жағасында сабаған. Сол үшін ол сотта жауап беріп жатыр,  деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Ақтаудың 14 ықшам ауданындағы жағалауда болған. Болмашы сылтаумен әйелін төмпештеп, денсаулығына жеңіл дәрежеде зақым келтірген. Сол үшін сот оны 40 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді.

«Біздің өңірде осы санаттағы 32 қылмыстық іс сотқа жолданған. Оның 15-і сотталушылармен бірге тұратын әйелдерге, 8-і танысынан таяқ жеген әйелдерге, 9-ы бөтен адамдардан таяқ жеген әйелдерге қатысты», - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы.

 

Серіктес жаңалықтары