Тікұшақ апаты кезінде қаза тапқан офицердің есімі белгілі болды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады

Тікұшақ апаты кезінде қаза тапқан офицердің есімі белгілі болды
Қорғаныс министрлігі
347

Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде болған авиациялық апат салдарынан Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы, 1988 жылы туған майор Батыр Оразымбетов қаза тапты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Офицер Әуе қорғанысы күштері әскери институтын 2009 жылы «Ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар» мамандығы бойынша бітірген. Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымдардан өткен. 

Ми-8 тікұшағын пайдалануда үлкен тәжірибесі бар, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады. 

"Қызмет барысында жоғары кәсібилік пен адалдық танытқан. Биылғы жылдың көктемінде болған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан. Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталған. Үйленген, артында екі баласы қалды", – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары