Астана қаласында ауа райы құбылмалы болып тұр.
Күн райының күр суытуына байланысты Астана қаласының әкімдігі білім ошақтарындағы оқу процесіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
«2024 жылғы 7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.