сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Құтқарушылар Астана тұрғындарына үндеу жасады

/
istockphoto.com
Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Бүгін Астанада ауа райы күрт бұзылды. Осыған байланысты құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ мектептерде сабақ қысқарғаны белгілі болды

 «6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен бірге жіберілетіні туралы айту қажет», - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.

Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжады.

Бөлісу: