378
Талдықорғандағы тергеу изоляторында сотталушы өз тамағын орып жіберген
Әлеуметтік желіде Заречное ауылындағы тергеу изоляторында қамауға алынған азамат өз тамағын орып жібергені туралы ақпарат тарады.
Алматы облысының ҚАЖД пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚАЖД мәліметінше бұрын сотталған, денсаулыққа ауыр зақым келтіргені және бұзақылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан азамат абақтыдағы тәртіпті бірнеше рет бұзған.
«Абақтыдан абақтыға ауыстыру кезінде ол қарсылық танытып, өзіне болмашы жарақат салып, Талдықорғандағы медицина мекемесіне жеткізілді. Қазір оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», - деді ведомство.
Осы оқиғадан кейін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы сотталушының анасы мен әпкесін жеке қабылдады.