Ресейде 14 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынуы мүмкін

Ресейде 14 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынуы мүмкін
сурет: istockphoto.com
383

Ресейде 14 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынуы мүмкін. 

Ресейде 14 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салу ұсынылды. Осы ұсынысқа қатысты хатты "АВАНТИ" бизнес-патриотизмді дамыту қауымдастығының президенті Рахман Янсуков премьер-министр Михаил Мишустинге, Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенкоға және елдің Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володинге жолдады.

«Кейінгі кезде «АВАНТИ» қауымдастығына отандық бизнес өкілдерінен әлеуметтік желілерде тыйым салынған контенттің болуы және балалардың осы платформаларға қол жеткізуіне қатысты құқықтық реттеудің жоқтығына байланысты көптеген шағымдар түсуде», – делінген "Известия" басылымындағы құжатта.

Қазіргі уақытта желіде терроризмге бағытталған 10 мыңнан астам сайт бар. Сондай-ақ, жасөспірімдерге жабық қауымдастықтар мен «өлім топтары» деп аталатын қауіпті топтар қатер төндіруде.

Серіктес жаңалықтары