185
Ақтөбе қаласында әйелді ұрып өлтірген күдікті ұсталды
Полицияның мәліметінше, марқұм күдіктімен азаматтық некеде бірге тұрған.
Ақтөбеде әйелді ұрып өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша іс қозғалды.Оқиғаның қай уақытта, қалай болғаны әзірге жарияланбады.
«Ерлі-зайыпты емес, бірақ бірге тұрған. Қазір күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеуге байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.