Хасан Қасымбаевтың ұсталуы: 2021 жылы Талғарда болған оқиғаның видеосы тарады
Видеода бір топ ер адам көшедегі адамды ұрып-соғып, көлікке салып алып кетеді.
Алматы облысының Полиция департаменті Талғарда «Хутор» қылмыстық тобының жетекішісі атағына ие болған Хасан Қасымбеков ұсталғанын мәлімдеген болатын. Оған 2021 жылы А есімді азаматқа байланысты ұрлап әкету және денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру баптары бойынша айып тағылған.
Аталған іске қатысты 5 азамат ұсталған. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен бесеуі де сотталып, қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр. Осы қылмысқа Хасан Қасымбаевтың да қатысы бар болып шықты.
Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желідегі kris_p_talgar парақшасында жарияланған. Алайда видеодағы оқиғаның өзіне Хасан Қасымбеков қатыспағанымен, бұл іске Хасан өзі тапсырма бергені үшін күдікті болып отыр. Видеода бір топ ер адам көшедегі адамды ұрып-соғып, көлікке салып алып кетеді.
2021 жылы 17 маусым күні Талғар қаласындағы Рысқұлов көшесіндегі «Виктория» супермаркетінің алдында жәбірленуші А. Әлімовті ұрып-соғып, кейін Кендалы ауылдық округіндегі каналға ұрлап әкетіліп, тағы да ұрып-соғылған. Осыдан кейін ол «Жабық бас миының жарақаты және екі жақты параорбитальды гематомамен» Орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Кейбір мәліметтер бойынша, бұл ұрып-соғу 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында атыс қаруын қолданумен болған қақтығыстың жалғасы болған, - деп жазған бейнежазба авторы.
Естеріңізге салайық, 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Талғарда «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобы бар екені, оның лидері Хасан Қасымбаев екені туралы қауесет тарай бастады. Алайда Ішкі істер министрлігі Қасымбаевтың күдіктілермен байланысы анықталмағанын, «Хуторские» деген банда да жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Хасан Қасымбаевтың өзі де бейнеүндеу жариялап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.