Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ливандағы жағдайдың ушығуына байланысты азаматтарымызды шұғыл елге көшіру операциясы жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарының көмегімен Ливаннан Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері көшірілді», - деді СІМ.
Ел азаматтары Стамбұл мен Дубай арқылы көшірілген. 17-31 қазан аралығында Астана мен Алматыға бас-аяғы 41 адам келген.