Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Жас отбасы үшемдерге дейін 3 қыз бен бір ұл тәрбиеледі.

Ақтөбеде үшем дүниеге келді
Ақтөбе облысының әкімдігі
438

16 қазанда облыстық перинаталдық орталықта Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім есімді ұлдар өмірге келді.

Сәбилердің туған кездегі салмағы 2655, 2255 және 2355 гр.

15 күн бойы жаңа туған нәрестелер мен 32 жастағы ананың денсаулығын орталық мамандары бақылап отырды.

Айсана мен Батыржан енді 7 баланың ата-анасы. Жас отбасы үшемдерге дейін 3 қыз бен бір ұл тәрбиеледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 13 618 жаңа туған нәресте дүние есігін ашты. Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің көмегімен 10 айда 74 егіз және 3 үшем туылды.

Серіктес жаңалықтары