285
Жәмилә Бақбергенова 3-рет әлем чемпионатының финалына шықты
Енді ол ақтық сында Ами Ишимен (Жапония) күреседі.
Жәмилә Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 72 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында 31 жастағы моңғолиялық спортшы Болортунгалаг Зоригты ұтты. Есеп - 8-6.
Айта кетейік, күндізгі сессияда Жәмилә молдовалық сосын чех палуанынан басым түскен.
Жәмилә Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.
Енді бозкілем шеберіміз ақтық сында Ами Ишимен (Жапония) күреседі.