187
Атбасар ауданында монополист тарифтерді заңсыз өсірген
Атбасар аудандық прокуратурасы «Атбасар су» ШЖҚ МКК-ның қызметінде тарифті бекіту кезіндегі заң бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, кәсіпорын әлеуметтік салық пен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдерді негізсіз енгізген.
Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесі бойынша бюджеттік ұйымдар үшін орташа өлшенген тариф ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларындағы тарифтер 20 025,16 теңгеден/Гкал-дан 16 398,62-ге дейін, ал заңды тұлғалар үшін– 8 007,42-ден 6 557 дейін төмендетілді.
Осылайша, жергілікті тұтынушылардың, оның ішінде 424 заңды тұлғаның мүдделері қорғалды.