Талғарда қыз зорлап, қамаудан қашып кеткен жігіттің суреті жарияланды

Жағдайды облыстық полиция департаменті бақылап отыр.

Талғарда қыз зорлап, қамаудан қашып кеткен жігіттің суреті жарияланды
Автор
Админ
451

Алматы облысының полициясы қыз зорлады деген айыппен ұсталып, бірақ уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен азамат туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алматы облысының Полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен, 30.05.1998 жылы туған Қалмырзаев Бекарыс Сәбитұлын іздеп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Күдіктіге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз келесі нөмірлерге хабарласу қажет: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.

Еске салайық, уақытша ұстау изоляторынан қыз зорлады деп күдікке ілінген азамат қашып кетті. Арнайы жоспар құрылып, негізгі бағдарларға блокпосттар қойылған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары