10 дерек: Республика күні туралы не білеміз?

Қазақстан халқы 25 қазан – Республика күнін қайтадан атап өте бастады.

10 дерек: Республика күні туралы не білеміз?
Ашық дереккөз
Автор
Админ
486

2022 жылы мерекелер тізіміне енген бұл дата – елдегі жалғыз ұлттық мейрам. Аталмыш мейрам туралы не білеміз? Turkystan.kz тілшісі қызықты фактілер ұсынады.

  • 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл құжат қабылданған соң мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардағы дербестік, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Бірақ бұл құжат еліміздің  Кеңес Одағы құрамынан толық шығады дегенді білдірмеді, әйтсе де, декларация еліміздің тәуелсіздігіне жасалған алғашқы нық қадам болды. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.
  • Осылайша Республика күнін тойлау 1992 жылдан басталды. Алайда мейрам мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана ресми түрде енген еді.
  • 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
  • Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгергендіктен, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.
  • 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған «ұлттық мереке» мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді. Тоқаевтың бастамасы халықтың қолдауына ие болып, дәл сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді.
  • Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам. Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ресми түрде демалыс болып жарияланады. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) түссе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.
  • Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда Республика есімді адам жоқ. Бірақ 31 адамға Казахстан немесе Қазақстан деген есім қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер адамдар. Олардың сегізі Ақмола облысында, жетеуі Қарағанды ​​облысында, бесеуі Астанада, үшеуі Қостанай облысында, екеуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден.

Серіктес жаңалықтары