«Халықты ақымақ көрмеңіздер»: танымал әнші «желкемнен келіп суретке түсті» деген Айжанованы сынады

Бәрі әдемі, ешкім бандитпін, прокуромын, судьямын деп ондай жерде айтпайды ғой

«Халықты ақымақ көрмеңіздер»: танымал әнші «желкемнен келіп суретке түсті» деген Айжанованы сынады
фото: әлеуметтік желіден
716

Алмаз Акылбеков атты әнші өзінің желідегі парақшасында басы дауға қалған Жанар Айжанованың әрекетін сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Хасанды білмеймін. Артқы жаққа түрып суретке түскен екен. Оны неге  маған айтып жатырсыздар?, — деген Жанар апайымыздың видеосын көріп қалдым. Дастарханда отырған әншілер, ақталғанда да дұрыс ақталу керек қой. Халықты ақымақ көрмеңіздер. Осы пікірлеріңіз арқылы сіздер Хасанның дастарханын итеріп салып отырсыздар, асқа сыйластық жоқ. Екіншіден, танымаймын деу арқылы халықты ақымақ қылып отырсыздар. Үшіншіден, сонша жыл жинаған абыройларыңызды бір күнде шашып жатырсыздар. Бұл — дұрыс емес, — деді әнші.

Сондай-ақ Алмаз Ақылбеков бұл оқиғаға қатысты қалай жауап беру керек екенін айта кетті.

Иә, біз әнші болғаннан кейін бізді ел шақырады. Хасан да адам баласы. Бізді шақырды. Бірақ жаман қылығын көрген жоқпыз. Дастарханда көңіл жарастырып отырдық. Бәрі әдемі, ешкім бандитпін, прокуромын, судьямын деп ондай жерде айтпайды ғой. Үйдің іші екені айдан анық көрініп тұр, арқамнан келіп түсіпті деу миға сыймайды. Оны не үшін жасырасыз? Олай абыройларыңызды шашпаңыздар, — деді ол.

Бұдан бөлек ол барша әншіге жала жапқан Жан Ахмадиевтің де сөзін түзей кетті.

Серіктес жаңалықтары