611
Талғарда зорлау ісі бойынша айыпталған ер адам қамаудан қашып кетті
«Дабыл» жоспары енгізілді
Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осыған байланысты «Дабыл» жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.
«Сонымен қатар, қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп хабарлады ведомстводан.