Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды және Ұлытау облыстарының Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға жедел уәкіліне үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында 3 жыл жұмыс істеуге тыйым салынды.