«Интергаз Орталық Азия» директорының бірінші орынбасары сотталды

Сот үкімімен Нұрболатұлына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

«Интергаз Орталық Азия» директорының бірінші орынбасары сотталды
istockphoto.com
288

Қызылорда қалалық соты «Интергаз Орталық Азия» Акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары Н. Нұрболатұлына қатысты үкім шығарды.

Ол «Orda Glass LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сметалық құнын асыра бағалау және «Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау газ құбырын салу» объектісі бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 60,1 млн теңге сомасында мүліктік залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, ол объектіні салу кезінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолы учаскесін механикалық кесу арқылы мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтіргені үшін сотталды.

Сот үкімімен Нұрболатұлына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға 3 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары