Анасы қайтыс болғаннан кейін жігітке мұра қалған.
«Туған әпкелерінің бірі нотариустан бірінші кезектегі мұрагер бар екенін жасырып, алты ай өткеннен кейін анасының барлық мұрасын алып, туған інісін мұрасыз қалдырған», - деді прокуратура.
Сот үкімімен жігіттің мұрагерлік құқығы қалыпқа келтірілді. Әпкесіне берілген мұрагерлік құқықтың күші жойылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.