YouTube енді нейрожелі жасаған видеоны ажырата алады

YouTube енді нейрожелі жасаған видеоны ажырата алады
сурет: istockphoto.com
431

YouTube енді камерамен түсірілген видеоны нейрожелімен жасалған видеодан ажырата алады. 

YouTube платформасы енді камерамен түсірілген шынайы видеоларды және нейрожелі көмегімен жасалған контентті бөле бастайды.

Шынайы видеоларға арнайы «Камерамен түсірілген» белгісі қойылады.  

Нейрожелімен (нейрондық желілермен) жасалған видеолар – жасанды интеллект (ЖИ) арқылы автоматты түрде жасалатын немесе өңделетін контент. Бұл технология соңғы жылдары қарқынды дамып, түрлі салаларда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай видеолар нақты камерамен түсірілмейді – олардың бейнелері мен мазмұны алгоритмдер арқылы жасалады.

YouTube платформасының камерамен түсірілген және жасанды интеллект жасаған видеоларды белгілеуі – шынайы контентті ажыратып, қолданушылардың жалған ақпараттан қорғануына бағытталған маңызды қадам.

Серіктес жаңалықтары