Шымкенттік жасөспірім Қазақстаннан Түркияға дейін жаяу барды

Ол Дағыстан, Шешенстан, Грузия арқылы жүріп, Түркияның Ризе қаласына дейін барған 26 күнде 1 мың 300 шақырымды жаяу жүріп өткен.

Шымкенттік жасөспірім Қазақстаннан Түркияға дейін жаяу барды
скриншот
210

17 жастағы бозбала Атыраудан Анадолыға жаяу жетті. Ролан Берікұлы өзі Шымкенттің тумасы, деп хабарлады turkystan.kz сайты 24kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстаннан Түркияға жаяу шыққандағы ең алғашқы мақсат ел көріп, жер көріп, тану болды. Келесі мәселе өзім туризмге қызыққан мақсатта алдағы уақытта Қазақстандағы туризмді дамыту. Жалпы осы 1 айдың ішінде 1 300 шақырымды жаяу жүріп өттім және күніне 50-60 шақырымды бағындырып отырдым. Жолдағы ең қызық жағдай Ресейдің Астрахан қаласында болды. Қаладан шығаберісте жолдың ар жағында бір топ ит жүрген болатын. Бір қарағанда маған қарай жүгіріп келе жатты. Сақтық үшін өзіммен алып шыққан электршокер бар еді. Соны ауаға басып, өзімді қорғап алған болатынмын», - саяхатшы Ролан Берікұлы.

Ол Дағыстан, Шешенстан, Грузия арқылы жүріп, Түркияның Ризе қаласына дейін барған 26 күнде 1 мың 300 шақырымды жаяу жүріп өткен. 2 рет жаңбыр астында қалып, 18 күн далада шатырда түнеген. Арқалаған сөмкесі 20 келіден кем емес. Қазір ол Кония қаласында. Оны отандасымыз Дәурен Сәбитұлы қарсы алған.

«Осылай Қазақстаннан қазақ бауырымыз Түркия еліне жаяу шыққанын көріп, өз басым қатты қуанып, өзіне кері байланысқа шығып, өзіміздің қонақжайлығымызды көрсетіп, қонақ қылып шақырдым», - Кония қаласының тұрғыны Дәурен Сәбитұлы.

Серіктес жаңалықтары