Атырауда 24 жастағы жүргізушінің көлігінен 71 киік мүйізі тәркіленді

Мәлімет бойынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Браконьер-2024» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде күдік тудырған көлікті тоқтатқан

Атырауда 24 жастағы жүргізушінің көлігінен 71 киік мүйізі тәркіленді
Атырау облыстық полиция департаменті
341

Атырауда 71 киік мүйізін әкеле жатқан 24 жастағы жүргізуші ұсталды. Полиция қызметкерлері киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Браконьер-2024» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде күдік тудырған көлікті тоқтатқан.

«Полиция қызметкерлері Атырау қаласының аумағындағы ойын-сауық орталығының жанында күдік тудырған Toyota Highlander маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізді. Көліктің рульінде 24 жастағы жүргізуші болған. Тексеру барысында автокөліктің салонынан пакетке салынған 71 дана киік мүйізі табылды. Жүргізушіге қатысты киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары