Ұсынысын қабыл алмаған қызды зорлап, пышақтап өлтірген жігіт сотталды
Жантүршігерлік оқиға биыл сәуір айында болған.
Ақтөбеде дәрігер қызды зорлап, пышақтап өлтірген іске қатысты үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өзін ұстамақ болған полиция қызметкерін де пышақпен жарақаттаған.
Қайғылы жағдай биыл 22 сәуірде болған. Жігіт өзінің ұсынысын қабыл алмаған қыздың пәтеріне балкон арқылы кіріп, зорлап, пышақтап өлтірген.
Содан кейін балконнан секіріп, қашып кеткен. Оқиға орнына келген полиция қызметкері оны ұстамақ болған. Бірақ ол полиция қызметкеріне де пышақ сұғып, қашып кеткен.
«Сотталушы Е үйге заңсыз кіргенін және өзі үйленгісі келген қызды өлтіргенін мойындады. Өзіне тағылған басқа айыпты мойындаған жоқ. Қызды зорламағанын және өзін қуған адамның полиция қызметкері екенін айтты», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ол 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тарапқа моральдық және материалдық өтемақы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.