Ұйымдастырушылар Головкин-Джейкобс жекпе-жегінен қанша табыс тапты?

Ұйымдастырушылар Головкин-Джейкобс жекпе-жегінен қанша табыс тапты?

Ұйымдастырушылар Головкин-Джейкобс жекпе-жегінен қанша табыс тапты?
ашық дереккөзі
Los Angeles Times басылымы Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жектен түскен қаржының көлемін жариялады деп хабарлайды dodasport.kz.  «PPV есебі бойынша Головкин мен Джейкобс арасындағы кездесуден 150 мыңға жуық трансляция сатылған. Дегенмен, Головкиннің командасы соңғы жарияланатын есептің 150 мыңнан асатынына сенімді. Біздің білуімізше, Madison Square Garden кешені жанкүйерлер сатып алған билеттен 3,4 миллион еуро пайда тапқан. Бұл - Лемьемен өткізген кездесуден (2 млн) әлдеқайда көп», - дейді басылым тілшісі Лэнс Пагмайр. Еске сала кетейік, Головкин Джейкобсты төрешілер шешімімен ұтты. Головкин кәсіпқой бокста өткізген барлық 37 кездесуінде жеңіске жетті (33 нокаут). Джейкобс кәсіпқой бокста 32 кездесу өткізіп (29 нокаут), екеуінде ғана жеңілді.