618
«Бәріне бір жауап»: Ләйлә Сұлтанқызы анасын сынағандарға жауап берді
Белгілі ележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде анасының киіміне, жүрген жүрісіне қатысты жағымсыз пікір жазатындар сынағандарға жауап берді.
«Менің анамның киген киіміне, таққан орамалына, жүрген жүрісіне, тісіне дейін кері пікір жазатындар бар. Сол кісілердің бәріне бір жауап. Мен жанында бола тұра, бар жақсыны алдына тоспағанда қайтемін?! Жырақта жүргенде өзін емес, өзгенің көңілін бірінші орынға қоятыны тағы бар. Құдай беріп тұрғанда, қолымнан келіп тұрғанда үлде мен бүлдеге орауға тырысу менің міндетім», - деп жазды Сұлтанқызы.