450
Үстел теннисінен қазақстандық команда ширек финалға жолдама алды
Ширек финал матчы ертең, 9 қазан күні өтеді.
Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Астанадағы чемпионатта ширек финалға шығу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады turkystan.kz ҰОК-ға сілтеме жасап.
Командалық жарыста үздік сегіз команданың бірі атану үшін отандық спортшылар Сауд Арабиясын жеңуі керек болды.
Қазақстандық команда бұл міндетін орындап, қарсыластарынан 3:0 есебімен жеңді. Құраманың жеңіске жетуіне Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов үлес қосты.
Ширек финал матчы ертең, 9 қазан күні өтпек. Ертеңгі матчтың қарсыласы кейінірек анықталады.