Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар: Берік Асылов мәлімдеме жасады

Бас прокурор елімізде интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғағанын мәлім етті.

Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар: Берік Асылов мәлімдеме жасады
gov.kz
265

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов суицидті насихаттайтын шетелдік сайттарға қатысты халықаралық деңгейде тапсырма бергенін жазды.

 «Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар бойынша құқықтық көмек көрсету үшін халықаралық тапсырмалар жіберіледі. Тергеу барысында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз. ІІМ суицидтің барлық фактілерінде ҚК-нің 313-1-бабы белгілерін тексеру тапсырылды. Тергеу барысын бақылауға алдым. Басқа да әлеуметтік желілерде ҚК-нің 313-1-бабы белгілерінің бар-жоғын тексереміз», - деп жазды Асылов.

Бас прокурор елімізде интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғағанын мәлім етті.

«Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура ҚК-нің 313-1-бабымен 3 қылмыстық іс қозғады.

Тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым.

Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген контентке қатысты бірнеше Telegram-арнаның қатысушылары мен әкімшілері тексеріледі», – деп жазды Б. Асылов.

Серіктес жаңалықтары