Айгүл Сайлыбаеваның енесінің қайда жүргені анықталды – Германия прокуратурасы

Германия прокуратурасының өкілі марқұм Айгүл Сайлыбаеваның енесінің басқа мемлекетте болуы мүмкін екенін айтты.

Айгүл Сайлыбаеваның енесінің қайда жүргені анықталды – Германия прокуратурасы
Ғаламтор
Автор
Админ
4210

Тергеу жүріп жатыр, бірақ әлі ешкім тұтқынға алынбаған. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап turkystan.kz хабарлайды.

«Біздің білуімізше Айгүл Сайлыбаеваның енесі шет мемлекетте болуы мүмкін. Күйеуі мен баласының қайда екенінің тергеуге қатысы жоқ. Сондықтан ол туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр. Қосымша айғақтарды саралау қажет. Ешкім тұтқындалған жоқ», - деді прокуратура өкілі Йенс Нойбауэр.

Еске салайық, 40 жастағы экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті маусым айында Германияда табылған болатын. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған.

4 маусым күні екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарған. Содан кейін Айгүлді ешкім көрмеген. Ал плактик қалтаға салынған денесі қала шетінен табылған.

Айгүлмен қоса 49 жастағы енесі Наталья Донцова да із-түссіз жоғалған. Ол 4 маусым күні немересін балабақшадан алып келген. Содан кейін оны да ешкім көрмеген.

Айгүл Сайлыбаева Англияда білім алып, Астана қаласында судья болып жұмыс істеген. Өмірінің соңғы жылдарында күйеуімен, қызымен және енесімен Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында тұрған.

Серіктес жаңалықтары