Ақтөбеде скутер мінген 2 жігіт қаза тапты

Оқиға ​5 қазан күні сағат 4:45-те Ақтөбе қаласы Ряхов көшесінде болды.

Ақтөбеде скутер мінген 2 жігіт қаза тапты
Ақтөбе облыстық ПД
174

Ақтөбеде скутерге мінген 18 және 20 жастағы екі жігіт жүк көлігіне соқтығысып, қаза тапты.

Оқиға ​5 қазан күні сағат 4:45-те Ақтөбе қаласы Ряхов көшесінде болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, скутердің 18 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған КамАЗ жүк көлігіне соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасынан скутер жүргізушісі мен 20 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті екі доңғалақты көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.

Серіктес жаңалықтары