Жібек Құламбаева Бразилиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Жарыс 6:3, 6:2, 10:4 есебімен қазақстандық-италиялық жұптың жеңісімен аяқталды

Жібек Құламбаева Бразилиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
olympic.kz
438

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Сан-Паулу (Бразилия) ITF W75 турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен италиялық Николь Фосса Уерго турнирде барлығы төрт кездесу өткізіп, жеңіске жетті.

Финалда олар турнирдің 1-ракеткалары, грекиялық Элени Христофи – италиялық Аврора Зантедешимен бас жүлдені сарапқа салып, 6:3, 6:2, 10:4 есебімен қазақстандық-италиялық жұптың жеңісімен аяқталды.

Серіктес жаңалықтары